Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
"2021 жылдың 1 қаңтарынан еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын әлеуметтік төлемдер мөлшерінің бес пайызына арттыру жүргізілсін", — делінген Үкіметтің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 891 қаулысында.
Қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.