Қазақстанда ат спортынан жарыстар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ат спортынан жарыстар өтеді

Қазақстанда ат спортынан жарыстар өтеді

Алматы мен Астанада маусымның 16-19-ы мен шілденің 2-5-і аралығында Қазақстанның ІІІ спартакиадасы, Орталық Азияның IV ат спорты чемпионаты өтеді.

  • 13 Маусым 2011
  • 1048
Фото - Caravan.kz

Жарысқа қатысушылар «Президент кубогы», «Әлем кубогы» және «Астана кубогы» үшін бақ сынасады.

«Жарыстар Қазақстан президенті, Алматы мен Астана әкімдері, Халықаралық ат спорты федерациясы мен ұлттық Олимпиада комитетінің қамқорлығымен өткізіледі. Бұл жарыстар 2012 жылғы Олимпиада ойындары алдындағы тамаша дайындыққа айналмақ», — деп дүйсенбі күні еліміздің Ат спорты федерациясы хабарлады.
Жарысқа Әзірбайжан, Белоруссия, Германия, Грузия, Үндістан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Молдова, Ресей, АҚШ, Тайпей, Өзбекстан, Украина мен Қазақстанның елуден астам шабандозы қатысады.
Жарыс қонақтарының арасында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Азия ат спорты федерациясының президенті Хо (Сингапур), Еуропа ат спорты федерациясының президенті Ханфриед Харинг (Германия) те бар.

Соңғы жаңалықтар