оның қызметіне тыйым салынды. Бұл туралы бүгін еліміздің Бас прокуратурасы хабарлады.
«Астана прокуратурасының өтініші бойынша 2014 жылдың 18-тамызында Сарыарқа аудандық соты халықаралық «Ат-такфируал-хижра» ұйымын экстремистік деп танып, оның Қазақстан аумағында қызмет етуіне тыйым салды», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ұйымның қызметіне Ресей, қырғызстан, АҚШ, Түркия мен Еуропалық одақ елдері де тыйым салған.
Сот шешімі заңды күшіне енді.