Қазақстанда әуе тасымалы қызметі арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда әуе тасымалы қызметі арзандады

Қазақстанда әуе тасымалы қызметі арзандады

Биылғы жылдың қыркүйек айында жолаушылардың әуе көлігіне төлеген қызмет құны 8,7 процентке төмендеді.

  • 15 Қазан 2020
  • 87
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

 Биылғы тоғыз айда отандық әуе компаниялары 3,8 миллион адамды тасымалдады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40%-ке аз. Ал жолаушылар айналымы 2,2 есеге азайып, 5,9 миллиард жолаушы-шақырымды құрады.

"Айталық, қыркүйекте 608,5 мың жолаушы әуе тасымалы қызметін пайдаланған, бұл өткен жылғы күздің алғашқы айымен салыстырғанда 20%-ке аз. Сол сияқты қыркүйекте жолаушылар айналымы 941,8 миллион жолаушы-шақырымды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,5%-ке төмен", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін халықаралық әуе көлігі ассоциациясының 2020 жылғы әуе тасымалы трафигін 2019 жылмен салыстырғанда 66%-ке дейін төмендейтінін күтетіні хабарланды.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компанияларының кірісі былтырғы көрсеткіштен айтарлықтай төмендеген: ақшалай түрде 135,8 миллиард теңгеге дейін қысқарған. Ақпарат көзі мұндай жағымсыз динамика соңғы төрт жылда алғаш рет байқалып отырғанын атап өткен.

"Салыстыру үшін, 2019 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 297,1 миллиард теңгеге жетті. Биылғы жылдың қыркүйегінде жолаушылардың әуе көлігіне төлеген қызмет құны 8,7%-ке төмендеді", – деп жазады басылым.


Биыл әуе тасымалының бағасы тек төрт облыста – Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарында өсті. Төрт облыста – Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында баға өзгеріссіз қалды. Ал Нұр-Сұлтанда (36,5%), Шымкентте (36,3%) және Маңғыстау облысында (24,7%) баға айтарлықтай төмендеді.

Жалпы жолаушылардың әуе көлігі қызметі өткен жылмен салыстырғанда 9% -ке арзандады.

Соңғы жаңалықтар