Жарияланды: 400

Қазақстанда ауыл шаруашылығы айналымындағы жерлерді тиімді пайдалану тұжырымдамасы жасалады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы айналымындағы жерлерді тиімді пайдалану тұжырымдамасы жасалады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы айналымындағы жерлерді тиімді пайдалану тұжырымдамасы жасалады.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров мәлім етті. «Ауыл шаруашылығы айналымындағы жерлерді қайта пайдалану үшін қор жеткілікті. Жердің шамамен 108 миллион гектар қоры бар немесе республика жер қорының 41 пайызы. Оның ішінде табиғи және экономикалық жағдайы жайлы өңірлер де бар. Сондықтан да агенттік ауыл шаруашылығы айналымындағы жерлерді тиімді пайдалану тұжырымдамасын әзірлеуді аяқтауда. Онда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерді ғана емес, сонымен бірге қор санатындағы жерлерді де айналымға енгізу қарастырылады», - деді ол. Агенттік басшысының атап өтуіне қарағанда, жайылым жерлерді айналымға ғылыми негізде енгізу үшін геоботаникалық зерттеу жұмыстарының көлемін арттыру қажет. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында келер жылы геоботаникалық іздеу жұмыстарының көлемін бірнеше есе арттыру қарастырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін