Қазақстанда автосалондар көліктерді жаңа бағамен сата бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда автосалондар көліктерді жаңа бағамен сата бастады

Қазақстанда автосалондар көліктерді жаңа бағамен сата бастады

Қазақстандағы автосалондар сатуды қайта бастады. "Астана Моторс" қазақ мотор компаниясы көліктерді жаңа бағамен сата бастады.

  • 21 Тамыз 2015
  • 625
Фото - Caravan.kz


"Автомобильдерді сата бастадық. Бағалардың бәрін қайта есептеп, орташа 250 мыңға көтердік", -деп хабарлады Hyundai Auto Almaty салонынан.
Subaru Motor Almaty салонында бағалар орташа алғанда 200-300 мың теңгеге өскен.
Осылайша, бағалар 10% дейін көтерілген.
"Сату қайта басталды.Бағалар қаз-қалпында. Бағаларымыз әрқашан еуромен саналатын, бағамды Казком банкінен аламыз" – деп хабарлады Бавария Алматы салонынан.
Toyota Center Almaty салоны қолда бар көліктерді $1 үшін 190 теңге бағамына сәйкес сатуда.
«Әкелінетін көліктердің қай бағада болары әлі белгісіз», — деп түсіндірді онда.
Mercur Auto әзірге бағаларды сол қалпында сақтап отыр.
"Сату басталды. Бағалар бүгінгі сағат 18.00-ге дейін сақталады, алайда ертең не болары белгісіз" – деп нақтылады Mercur Auto салонының сату бөлімінде.
SsangYong Allur Auto салонында сату тоқтатылды.
"Сату уақытша тоқтатылды, дистрибуциядан жауап күтудеміз", — деді салондағылар.
"Бипэк Авто" автосалонында да көлік сату уақытша тоқтатылған. "Бағалар сол күйінде қалады деген үміттеміз", — деп хабарлады салондағылар.
Бейсенбіде автосалондар теңгенің еркін құбылмалы бағам режиміне өтуіне байланысты жаңа баға қою мақсатында көлік сатуды доғарған болатын.

Соңғы жаңалықтар