Қазақстанда автосақтандыру төлемінің мөлшерін көтеру көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда автосақтандыру төлемінің мөлшерін көтеру көзделіп отыр

Қазақстанда автосақтандыру төлемінің мөлшерін көтеру көзделіп отыр

Қазақстанда денсаулыққа зиян келтірілген жағдайда автосақтандыруға байланысты төленетін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін 50 пайызға көтеру көзделіп отыр.

  • 13 Қараша 2017
  • 190
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырғаннан кейін тілшілердің сауалына жауап берген ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біз сақтандыру ұйымдарының жауапкершілігін арттыруды жоспарлап отырмыз. Себебі девальвацияның салдарынан көлік құралдарының бағасы өсіп кеткенін білесіздер. Сонымен бірге, біз адамдардың өміріне және денсаулығына зиян келтірілген жағдайда адамдардың қауіпсіздігін арттыруды көздедік. Себебі қазіргі уақытта қарастырылған сома бүгінгі күннің талабына сай келмейді», — дейді Жанат Құрманов.

Оның айтуынша,бұл тұрғыда халықаралық тәжірибе кеңінен зерттелген.

«Біз халықаралық тәжірибелер мен лимиттерді зерттедік. Интеграция аясында біздің сақтандыру компанияларының жауапкершілік лимиттерін үйлестіру үшін ресейлік тәжірибені сарапқа алдық. Бұл тұрғыда есеп жүргізу керек. Қазіргі уақытта нақты санды айта алмаймын, бірақ пайыздық мөлшерде 50 пайыздан төмен болмауы керек», — дейді Ж. Құрманов.


Ол сонымен бірге, әр мемлекетте сақтандыру сомасы әр түрлі екенін атап өтті.

«Кейбір мемлекеттерде егер сақтандыруға қатысты жағдай туындай қалса, сақтандыру тоқтатылады. Себебі компания бірінші жағдай бойынша ғана өзіне жауапкершілік алуы ықтимал. Әлбетте, одан кейін сақтанушы жаңа сақтандыруды сатып алуы керек болады. Бірақ біз бүгін депутаттармен сұрақты талқылап, халық үшін бұл жол қолайсыз деген де пікірлер айтылды. Біз бұл мәселеге қайта ораламыз», — дейді төрағаның орынбасары.