Жарияланды: 340

Қазақстанда автожолдарды басқаратын ұлттық оператор құрылуы ықтимал

Қазақстанда автожолдарды басқаратын ұлттық оператор құрылуы ықтимал, деп хабарлады республиканың көлік және коммуникация министрлігінің автожолдар комитеті төрағасының орынбасары Нұрланбек Өмірбаев.

"Автожолдарға басшылық ететін ұлттық операторды құру мәселесі қаралып отыр, оның ішінде ақылы жолдар да басқарылмақ, оператор бюджеттік және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын да жүзеге асырумен айналысатын болады", деді ол Астанада бейсенбіде "Қазақстанның жаңа инфрақұрылымдық жобалары" тақырыбында өткен стол басындағы әңгіме барысында. "Инвесторлардың қаржысын тарту үшін ұлттық операторға инфрақұрылымдық облигацияларды шығару өкілеттігін бергізуді жоспарлаудамыз", деді ол. "Заңдылық актілерге енгізілетін сәйкесті түзетулер әзірленді, олар жуық арада үкіметке бекітілуге ұсынылады", деді ол. Ұлттық операторды республикалық мемлекеттік "Қазавтодор" базасында құруға болады, деді Н.Өмірбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін