Қазақстанда азаптау мәселесіне қатысты жағдайды полиция жұмысын бағалауды өзгерту арқылы өзгертуге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда азаптау мәселесіне қатысты жағдайды полиция жұмысын бағалауды өзгерту арқылы өзгертуге болады

Қазақстанда азаптау мәселесіне қатысты жағдайды полиция жұмысын бағалауды өзгерту арқылы өзгертуге болады

Қазақстанда азаптау мәселесіне қатысты жағдайды өзгерту, тек ішкі істер орган қызметкерлерінің жұмысын қылмыстың ашылу нәтижесіне қарап бағалауды өзгерту арқылы болуы мүмкін.

  • 23 Маусым 2011
  • 353
Фото - Caravan.kz

«Егер әңгіме тергеушілер – ішкі істер орган қызметкерлері туралы болып отырса (азаптауды қолданатын – ҚазТАГ), онда бұл жерде ең негізгі бір мәселені атап өту керек – полиция жұмысының көрсеткіші ретінде қылмыстардың ашылу деңгейін алудың орнына, қоғамда оларға деген сенімнің артуын көрсеткіш ретінде алу керек», — деді Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның (АҚжЗСҚХБ) елордалық филиалының директоры Анара Ибраева бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

«Бұл туралы ҚР президенті былтыр мәлім етті. Бұл салада бір де қадам жасалған жоқ. Ондай өзгерістерді тиісті органдарға бақылау мен қадағалау жүргізетін ІІМ, прокуратура мен сот әзірлеуі тиіс болатын», — деді ҮЕҰ өкілі.

А.Ибраева қандай да дайындалып жатқан өзгерістер туралы не өзінің, не АҚжЗСҚХБ ешқандай мәліметі жоқ екенін ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, 2009-2012 жж. арналған адам құқықтары саласындағы азаптауларды болдырмау жөніндегі үкімет қаулысымен бектіліген ұлттық жұмыс жоспары мен азаптауларға қарсы БҰҰ ұсынған 2010-2012 жж арналған ұсыныстарды орындау туралы ешқандай мәліметтер жоқтың қасы.

«Сол жоспар бойынша атқарушы органдар жылына екі рет атқарылған жұмыстар туралы үкіметке есеп беріп тұруы тиіс. Мен, ол әділет министрлігі деп ойлайымн. Ондай да мәлімет жоқ», — деп налынды ҮЕҰ өкілі.

А. Ибраева азаптауларды қолдану проблемасын кешенді проблема дей отырып, оны шешудің бірнеше жолы барлығын түсіндірді. «Егер азаптау құрбандары БҰҰ-ның азаптауларға қарсы комитетіне жүгінсе және Қазақстанға қатысты шешім қабылданатын болса, онда ол келесідей мәселелерді қамтиды: заңнаманың өзгертілуі, заңды қолдау тәжірибесін өзгерту мен келешекте осындай бұзушылықтарға орны бермеу», — деді сұхбатшымыз.

А. Ибраеваның мәліметтерінше, ҚР ҚК-нің 347-ші бабын (азаптау) қабылданғалы бері өткен 5 жылда құқық қорғау органдарының азаптауларға қатысы барлығы үшін айыпталған 20 қызметкері сотталыпты. 2009-шы жылы 1 қызметкер, 2010-шы жылы – 4 адам сотталған.

2010 азаптаулармен күрес жөніндегі ҮЕҰ коалициясына азаптауларға ұшыраған 263 азаматтан шағым келіп түсті.

Соңғы жаңалықтар