Қазақстанда ажырасудың ең кең тараған себебі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ажырасудың ең кең тараған себебі анықталды

Қазақстанда ажырасудың ең кең тараған себебі анықталды

Елімізде ажырасудың ең кең тараған себебі аталды.

  • 1 Наурыз 2023
  • 27
Фото - Caravan.kz

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Неке және отбасы туралы» Кодекстің 17-бабына сәйкес, неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша ғана АХАЖ органында тікелей бұзылуы мүмкін. Балалар мен мүліктік дауларда ерлі-зайыптылар сот арқылы ажырасады.

«Азаматтар екі жақты келісім бойынша некені бұзуға өтініш білдірген кезде, өтініш берушілер некені бұзудың негізгі себебі ретінде көбіне «мінездің ұқсамауын» көрсеткен», – делінген хабарламада.

«АЖ АХАЖ» ақпараттық жүйесінің 2013-2020 жылдардағы мәліметтері бойынша ажырасу динамикасы төмендегідей:


2013 жылы – 51 305 ажырасу;
2014 жылы – 54 438 ажырасу;
2015 жылы – 53 007 ажырасу;
2016 жылы – 51 775 ажырасу;
2017 жылы – 54 948 ажырасу;
2018 жылы – 54 859 ажырасу;
2019 жылы – 59 899 ажырасу;
2020 жылы – 58 466 ажырасу.

2021 жылдан бері ажырасу санының азайғаны атап өтіліп, 2021 жылы 51 950 ажырасу, 2022 жылы 51 220 ажырасу тіркелген.