Қазақстанда Әзірбайжан Республикасының мәдениет күндері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Әзірбайжан Республикасының мәдениет күндері өтеді

Қазақстанда Әзірбайжан Республикасының мәдениет күндері өтеді

7-9 маусым күндері аралығында Астана және Алматы қалаларында Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы мәдениет күндері өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 30 Мамыр 2012
  • 678
Фото - Caravan.kz

Әзірбайжан мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы 7 маусымда сағат 19.00-де Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Мәдениет күндері аясында Астана қаласында Әзірбайжанның танымал өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт, «Әзірбайжан: дәстүр мен қазіргі заманның тоғысуы» атты фотокөрме мен туризмге арналған көрме өтеді.

Концертте Симара Иманова, Сабухи Ибраев, Тайяр Байрамов сындыы Әзірбайжанның өнер шеберлері, осы елдің Мемлекеттік би ансаблі, ұлт аспаптар ансамблі және Ф. Амиров атындағы Мемлекеттік ән мен би ансамблінің балет тобы өнер көрсетеді.

9 маусым күні сағат 18.00-де, Алматы қаласында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның Орталық концерт залында Әзірбайжан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді.

Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстардың тамыры тереңде жатыр. Екі ел арасындағы мәдениет күндерін өткізу бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайтуға, екіжақты қарым-қатынастың дамуына септігін тигізері сөзсіз. Іс-шара екі елдің арасындағы мәдени байланыстардың одан әрі дамуына серпін беріп, қазақстандықтардың әзірбайжан мәдениетіне деген аса үлкен қызығушылығын оятары сөзсіз.

Перейти к новостям спорта