Қазақстанда Азия парламентшілері қауымдастығының Халықтың қоныстануы мен Дамуына арналған отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Азия парламентшілері қауымдастығының Халықтың қоныстануы мен Дамуына арналған отырысы өтуде

Қазақстанда Азия парламентшілері қауымдастығының Халықтың қоныстануы мен Дамуына арналған отырысы өтуде

Бүгін, 28-қыркүйекте Алматыда Азия парламентшілері қауымдастығының Халықтың қоныстануы мен Дамуына арналған ХХ отырысы ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қыркүйек 2004
  • 571
Фото - Caravan.kz

Азия және Тынық мұхиты аймағы елдерінің парламентшілері 1994-жылғы халықаралық Каир конференциясында қабылданған іс-әрекеттер бағдарламасын қорытындылау үшін жиналып отыр.

Каирде алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қауымдастыққа қатысушы елдер 2005-жылдан бастап нақты нәтиже күтуде. Мәселен, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және отбасын жоспарлау мекемелерінің 60 проценті келесі жылы отбасын жоспарлаудың тиімді тәсілдерін игеріп, міндетті акушерлік көмек көрсету мүмкіндігіне, репродуктивтік дене мүшелерінің ақауын емдеу және осындай аурулардың алдын алу құралдарына ие болуы тиіс. Азия және Тынық мұхиты аймағындағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мекемелері бұл талаптарды 2015-жылы толыққанды орындап шығуы қажет.
Сондай-ақ, аналар өлімінің көрсеткіші жоғары елдерде 2005-жылға дейін босану процестерінің кем дегенде 80 процентіне кәсіби акушерлерді қатыстыруға мүмкіндікті қамтамасыз ету мақсаты қойылған.
Сондай-ақ, 15-24 жастағылар арасындағы ВИЧ індетін жұқтыру деңгейі бұл дерт ең көп таралған елдерде 2005-жылға дейін 25 процентке, ал 2010-жылға дейін дүниежүзілік деңгейде 25 процентке кемуі тиіс.
Азия және Тынық мұхиты аймағының парламентшілері екі күнге созылатын бас қосу барысында Каирде алға қойылған мақсаттардың орындалуы туралы есеп береді.
Сондай-ақ, ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевтың айтуынша, отырысқа қатысушылар халықтың қоныстануы мен азаматтардың репродуктивтік құқығын іс жүзінде жүзеге асыру тұрғысында алдағы 10 жылға арналған біртұтас көзқарасты дәйектейді.
Азия парламентшілері қауымдастығының Халықтың қоныстануы мен Дамуына арналған кезекті халықаралық конференциясы 2014-жылы Страсбург қаласында өтеді.

Перейти к новостям спорта