Қазақстанда азық-түлік қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда азық-түлік қымбаттады

Қазақстанда азық-түлік қымбаттады

2019 жылдың ақпан айында қаңтар айымен салыстырғанда тары 5,3%, ұн – 3,2%, макарон мен күріш – 1,7% қымбаттады. 

  • 28 Ақпан 2019
  • 23
Фото - Caravan.kz


Нан 1,5% қамбаттаса, вермишель, ұнтақ жармасы – 1,3%, сұлы жармасы — 1%, кеспе – 0,9% қымбаттай түскен. Ал қарақұмық жармасы 1,4% арзандады. 

Көкөністердің ішінде қияр бағасы 19,7%, қызанақ 19,3%, орамжапырақ 16,5%, сарымсақ 4,7%, пияз 3,4%, қызылша 1,4% қымбаттаған. Ал картоп пен алма құны сәйкесінше 0,3% пен 0,2% төмендеген. 

Сол сияқты, сүт – 4,4%, өсімдіек майы – 1,7%, маргарин – 1,3%, ірімшік – 1,2%, сары май – 0,8%, күнбағыс майы мен майонез – 0,4%, айран – 0,3% қымбаттаған. 

Дәл осы кезеңде тауық етінің бағасы 1,7% өссе, балық консервісі – 1,3%, қайнатылған шұжық – 1%, жылқы еті мен жартылай кептірілген шұжық – 0,8%, қой еті – 0,7%, шошқа еті – 0,6%, сиыр бауыры – 0,4% қымбаттаған.