Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 4,9 пайызға қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 4,9 пайызға қымбаттады

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 4,9 пайызға қымбаттады

2012 жылғы қазанда 2011 жылдың тиісті айымен салыстырғанда баға

  • 1 Қараша 2012
  • 455
Фото - Caravan.kz

балық және теңіз өнімдеріне 6,1%-ға, кофе, шай және какаоға — 5,7%, тоқаш және ұн өнімдеріне — 5,6%, кондитерлік өнімдерге — 5,3%, алкогольді ішімдіктерге — 4,5%, макарон өнімдеріне — 3,8%, сүт өнімдеріне — 3,6%, нанға — 2,1%, жемістер мен көкөністерге — 2%, ұнға — 0,9%-ға өсті. Бұл жайында ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде келтірілген.

Бағаның төмендеуі жармаларға 30,9%, қантқа — 12,3%, май және тоң майға — 3%-ға байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 12,7% құрады. Сиыр етіне баға деңгейі 16,3%-ға, қой және шошқа етіне — 15,6%-ға, жылқы етіне — 15%, шұжық өнімдеріне — 6,4%, құс етіне — 5,8%-ға жоғары болды.

Соңғы жаңалықтар