Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеуді 3 жылға дейін ұлғайту қарастырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеуді 3 жылға дейін ұлғайту қарастырылуда

Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеуді 3 жылға дейін ұлғайту қарастырылуда

Бала күтімі бойынша жәрдемақыны төлеу мерзімін 3 жылға дейін ұлғайту нұсқасы қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов айтты.

  • 17 Ақпан 2020
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жсап хабарлайды. 

Отырыс барысында Біржан Нұрымбетов балалы отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Жыл сайын елімізде 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Ана мен баланы қолдау үшін бірқатар жәрдемақылар қарастырылған. Сонымен, бала туу және 1 жасқа дейінгі баланың күтімі үшін жұмыс істемейтін аналарға бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы, ал жұмыс істейтін аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер қарастырылған. 2019 жылы бюджеттен 78 млрд теңге, МӘСҚ-тен 167 млрд теңге бөлінді. 2020 жылы бюджеттен 84 млрд теңге және МӘСҚ-дан 187 млрд теңге бөлінеді», – деді Еңбек министрі.

Сондай-ақ, ол бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдердің зейнетақы жарналары субсидияланатынын атап өтті. 2019 жылы 5 млрд теңге бөлінгенін, 2020 жылға 6 млрд теңге қарастырылғанын. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалармен марапатталған, «Батыр ана» атағын алған 235 мың көпбалалы анаға арнайы жәрдемақы төленуде.

Мүмкіндіктері шектеулі балаға, бала кезінен бірінші топтағы кәмелетке толған мүгедекке күтім жасап отырған 99 мың адам ай сайын жәрдемақы алады.


«2019 жылы ана мен баланы қолдауға бюджеттен және МӘСҚ-дан 372,4 млрд теңге бөлінді. 2020 жылға осы мақсаттарға 558,5 миллиард теңге қарастырылған. Бүгін біз бала күтімі бойынша жәрдемақы мәселесін көтеріп жатырмыз. Біз оны төлеу мерзімін 1,5 немесе 3 жылға дейін ұлғайту нұсқаларын қарастырудамыз. Табысы аз отбасылардағы мектепке бармайтын мүгедек балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы үйіне жеткізу мүмкіндігі қарастырылатын болады», – деді Біржан Нұрымбетов.