Қазақстанда балалар арасында өз-өзіне қол салу проблемасы өршіп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балалар арасында өз-өзіне қол салу проблемасы өршіп барады

Қазақстанда балалар арасында өз-өзіне қол салу проблемасы өршіп барады

Өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне қалаға қарағанда ауылдық елді-мекендердің тұрғындары жиі барады.

  • 7 Маусым 2011
  • 784
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстандағы суицид мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы барысында ҚР Статистика агенттігінің департамент директоры Гүлнәр Құқанова мәлім етті.

Статистика агенттігі өкілінің келтірген мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылы Қазақстанда 145,9 мың адам қайтыс болды (2009 жылға қарағанда 2,2 пайызға көп). Өлімдердің 17,7 мыңнан астамы немесе 10 пайызы сыртқы факторлардан болған. Соның ішінде 3 мыңнан астам адам өз-өзіне қол жұмсау арқылы өмірімен қоштасқан. Оның 1728-сі қалалық жерде, 1889-ы ауылдарда болды.

«Бұл — суицидке әрекет еткендердің сыртындағы сандар. Өкінішке қарай, ресми статистика суицид оқиғаларының себептерін зерттеумен айналыспайды. 2010 жылға дейінгі статистикаға сүйенсек, жағдай біршама жақсарғанын көруге болады. 100 мың адамға шаққанда 26,9 оқиғадан келген 2007 жылмен салыстырсақ, көрсеткіш 2009 жылы — 24, 2010 — 22-ге дейін азайды. Әлемдік тәжірибеде суицид оқиғалары 100 мың адамға шаққанда 20-дан асып кетсе, жағдай қауіпті болып саналады. Әрине, Қазақстанда бұл ахуалдың түйіткілі әлі азайған жоқ. Себебі, біздің ел Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде үшінші орында тұр», — деп атап өтті ол.

Г.Құқанованың айтуынша, соңғы уақытта өз-өзін өлімге итермелеу фактілері 29 жасқа дейінгі адамдардың арасында артқан. Мәселен, 2010 жылы тіркелген суицидтардың жалпы санының 1286-сын немесе 35 пайызын аталған жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер мен жастар жасаған. Атап айтқанда, 1 мың адамға шаққанда 0-11 жас аралығындағы балдырғандар арасында — 5 оқиға; 12-14 жас аралығында — 8,3; 15-17 жас аралығында — 19; 18-19 жас — 21; 20-24 жас — 26,2 және 25-29 жас аралығындағы адамдар арасында 37,4 оқиға тіркелді.

Сондай-ақ статистикалық деректерге қарағанда, 29 жасқа дейінгі ерлер осы жастағы әйелдерге қарағанда өз-өзіне үш есе жиі қол жұмсайтын көрінеді. 2010 жылы суицидтан көз жұмғандардың жалпы санының 77 пайызы — ерлердің, 33 пайызы әйелдердің үлесінде.

Өткен жылдың көрсеткіштеріне сүйеніп облыстар бойынша айтатын болсақ, 29 жасқа дейінгі азаматтар арасында суицид оқилары Шығыс Қазақстан облысында жиі тіркелген (182 оқиға), одан кейінгі орында Қарағанды (154), Алматы (144), Оңтүстік Қазақстан (123), Ақмола (121) және Қостанай облыстары (101) тұр.

Соңғы жаңалықтар