Қазақстанда балалар арасындағы суицид проблемасымен 300-ден аса мобильді топ айналысады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балалар арасындағы суицид проблемасымен 300-ден аса мобильді топ айналысады

Қазақстанда балалар арасындағы суицид проблемасымен 300-ден аса мобильді топ айналысады

Қазақстанда балалар арасындағы суицид проблемасымен 300-ден аса мобильді топ айналысуда, деп мәлім етті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Серік Ырсалиев.

  • 24 Маусым 2011
  • 1260
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні жалпы республика бойынша 359 мобильді топ жұмыс істейді, бұл топтар суицид немесе оған әрекеттену оқиғаларының әрқайсысын мұқият зерттеумен ғана емес, бұл құбылыстың алдын алумен де айналысады», — деді С. Ырсалиев жұма күні президенттің жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында.

Бас прокурордың орынбасары Асқар Секішевтің пікірінше, жасөспірімдердің өз-өздеріне қол салуына көбінесе ата-анасымен, қатарластарымен келіспеушілік немесе олармен түсінбеушілік, қандай да бір жазалаудан қорқу себеп болып жатады, соңғы уақытта мектептегі жүктеме шамадан тыс көбейіп, ата-аналар да тым жоғапы талап қояды. Сондай-ақ, ол мектептердегі психологтардың саралайтын мәселелер бойынша ортақ әдістемелердің жоқтығына нұсқады.

Өз кезегінде мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева қоғамда «жастардың ақтауға болмайтын қажеттіліктері» белең алғанын айтты. «Бұл отбасыға келетін көлеңке табыстарға байланысты болу керек, мұндайда қасындағы бала көлік немесе ұялы телефон сатып ала алады, ал басқа балалар оларға еліктегісі келеді де, осы мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтып, қатарластарынан ақша бопсалайды», — деді ол.

Бұрын хабарланғандай, бас прокуратура үкіметке кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында суицидальды әрекеттердің алдын алу бойынша мемлекеттік бағдардама жасауға, ал байланыс және ақпарат министрлігіне балалардың өз-өзіне қол салу әдістерін насихаттайтын күмәнді интернет-ресурстарға қолжетімділігін шектеуге кеңес берген болатын.

Оның алдында бас прокуратурасының алқа отырысында ІІМ –ге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің қызметін жасқарту, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды, балалар арасындағы суицид оқиғаларын тергейтін арнайы ювенальды бөлімшелер құру шараларын қолға алу тапсырылған болатын.

БҒМ-нің алдына білікті психологтарды тарту, оқушылардың мектептен тыс тәрбиесі мен бос уақытын белсенді ұйымдастыру бойынша міндет қойылды. Денсаулық сақтау министрлігіне аймақтарда дағдарыстық жағдайдағы және суицидальды әрекеттерге бейім адамдарға көмек көрсететін арнайы суицидологиялық қызметтер құру мәселесін шешу ұсынылды.

Облыс прокурорларына мектеп оқушыларынан ақша бопсалау фактілері бойынша қозғалған істердің жағдайларын тексеру шараларын қабылдау, кәмелетке толмағандарды өз-өзіне қол салуға итермелеу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеу барысын жеке бақылауға алу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар