Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа бес жастан бастап баратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа бес жастан бастап баратын болды

Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа бес жастан бастап баратын болды

ҚР білім және ғылым Министрлігі баланы мектепке қабылдау ережесіне өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді.

  • 28 Мамыр 2018
  • 5041
Фото - Caravan.kz

ҚР білім және ғылым Министрлігі баланы мектепке қабылдау ережесіне өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылы бірінші сыныпқа бұрынғыдай осы жылғы күнтізбеге орай алты жасқа толатын жеті жастағы балалар барады. 

"Яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар осы жылдан бастап бірінші сыныпқа барады, олар күнтізбе бойынша жыл соңына дейін толықтай алты жасқа толады, сондықтан мектепке қабылдануға толық құқылы. Ата-аналар да басқа білім беретін мекемелерді таңдай алады. Оқудан бас тартқан жағдайда ата-аналар мен оқушының заңды өкілі тұрғылықты мекенжайы бойынша жергілікті білім беру мекемесіне жүгінеді", – делінген ҚР БҒМ хабарламасында. 

Аталған заңнама ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы шешімі бойынша жасалған. 


ҚР БҒМ құжаттар 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүретінін еске салды. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдайтын құжаттар арасынан мекенжай анықтамасы алынып тасталған. 

Оқи отырыңыз:

Астанада өзеннен сәбидің денесі табылды

Жас қызды жетектеп шықты. Шымкентте мешіт имамының бесінші рет үйленгені рас па

Солтүстік Қазақстан облысында үсік жүреді