Жарияланды: 640

Қазақстанда балалар құқығын қорғау проблемаларын кәсіби шеше алатын мамандар жетіспейді

Алматы. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда балалар құқығын қорғау проблемаларын кәсіби шеше алатын мамандар жетіспейді. "Қазақстан заңнамасы және балалар құқығы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Конференцияға қатысушылардың атап көрсеткеніндей, қоғамда баланың ересектермен бірдей құқықтары, еркіндігі мен оларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар жеке және қоғамдық қызметтің дербес субъектісі деген ұғым әлі қалыптаспаған, сол себепті "отбасында баланың құқықтары мен еркіндігінің құқықтық кепілдіктерін күшейту, ата-ананың баланың тағдыры үшін жүктейтін жауапкершілігін арттыру, ана мен баланың өмірі үшін бастапқы қолайлы алғышарттар жасау мәселерін бекіте түсу қажет". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін