Қазақстанда балалар ұшақпен тегін ұша ма? Мұхамедиұлы жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балалар ұшақпен тегін ұша ма? Мұхамедиұлы жауап берді

Қазақстанда балалар ұшақпен тегін ұша ма? Мұхамедиұлы жауап берді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда ересектермен туристік жолдама арқылы ұшатын балалар үшін тегін әуе билетін ұсынатын Kids Go Free атты бағдарламаны енгізу жоспарда барын айтты. 

  • 21 Мамыр 2019
  • 33
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттік бағдаралмаға мұны енгіздік. Бекітуін күтіп отырмыз. Содан кейін туристік қызмет туралы заңға өзгерістер енгіземіз. Мұның артықшылығы көп. Мысалы, егер ата-ана 15 жасқа дейінгі екі баласымен ел ішінде демалу үшін ұшатын болса, біз оларға тегін әуе билетін береміз. Қазақстандықтар шетелде демалмай, ол ақша ел ішінде қалуы үшін жасалып отыр. Сол себепті ел ішіндегі әуе билеттеріне қолданылады. Яғни мемлекеттің балаларға бөлетін 1 теңгені субсидиялаймыз да, 6,5 теңгені үнемдейміз», — деді Мұхамедиұлы. 

Ол бағдаралманы бекіту бір-екі ай ішінде жосарланып отырғанын айтты. 


Еске сала кетсек, қазір балалары бар жолаушылар ұшаққа өтетін кезде бизнесс-класс жолаушыларының да артықшылыққа ие. 2018 жылдың мамырынан бастап кәмелетке толмаған балалар жанындағы адаммен бірге бортқа отырғызуға бірінші кезекте шақырылады. Содан кейін бизнес-класс жолаушылары, соңынан эконом-класс жолаушылары отырғызылады.

Соңғы жаңалықтар