Қазақстанда «Балапан» телеарнасына бақталас жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда «Балапан» телеарнасына бақталас жоқ

Қазақстанда «Балапан» телеарнасына бақталас жоқ

Бұл туралы «Балапан» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай қазақтілді контентті дамытуға арналған «QAZAQFORUM - 2018» конференциясында айтты.

  • 6 Желтоқсан 2018
  • 29
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша бүгін қазақ тілді контент жасаушылар, басқа тілді контент жасаушылар деп бөлудің уақыты өтіп кетті.

«Контент жасауда екі үлкен ақпараттық кенестік бар. Ол – дүниежүзілік тенденцияларды және өз қоғамымыздарғы мәселерді ескеру. Осы екеуінің біреуін ғана алға тартатын болсақ, онда сапасыз контент пайда болады. Балаларға арналған телеарна біздің ақпараттық кеңістікте жалғыз. Бізде бәсекелестік жоқ. Алайда «не ұсынсақта тұтынатын үлкен аудитория бар» деу «Балапан» телеарнасы үшін құрдым болмақ», — дейді Мақпал Жұмабай

Телеарна директоры, бүгінгі таңда «Балапан телеарнасының 4 миллионнан асатын аудиториясы бар екендігіне қарамастан мүлде басқа аргументке сүйеніп отырғанын және әлемдік барлық балалдар телеарнасын бәсекелес санайтынын айтты.

«Қазіргі «Z» ұрпақ, төртінші индустриялды ревалюция өкілдері әлемдік және еліміздегі жағдайды тең қарастара алады. Аудитория бізден әлеуметтілік қажеттілік ретінде мемлекеттік тілде әзірленентін контентке сұраныс күнделікті өсіп отыр. Әлемді контентті қазақ тіліне аударып, бейімдеп беру проблеманы шешпейді. Себебі кезкелген ел өз аудиториясына сай, құндылықтарына сай, табиғаиына сай, өмір сүріп отырған көзқарастарына сай контентті іздейтіні белгілі. Сондықтан қазақ тіліндегі контентті сапалы қылып дамыту біздің мақсатымыз. Осы принципке сай жасаған жұмысымыздың нәтижесі таң қалдырды. Анимациялық «Шахмат патшалығы» «Қоңыр қаз» атты қазақ елімен тікелей байланысты өнімдер, олар Desney өнімдерінен де жоғары сұранысқа ие болды. Қазіргі таңда «Балапан» телеарнасында реали-шоу көбейді, бала мен отбасы арасындағы нәзік сезімге байланысты «Ақ құс» атты телесериалдың шығуы, «Айбалапан» жобасы үлкен сұранысқа ие болып, жақсы көрсеткішке жеткізді», — деді «Балапан» телеарнасының директоры.

Сондай-ақ ол балалар тақырыбы сыртынан емес, іштен қараланын, тіпті кейде тізгінді өздеріне беру керектігін айтты.


 

 

Соңғы жаңалықтар