Қазақстанда барлық саладағы кәсіпорындардың кезекті экологиялық рейтингтерінің қорытындысы шығарылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда барлық саладағы кәсіпорындардың кезекті экологиялық рейтингтерінің қорытындысы шығарылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Қазақстанда барлық саладағы кәсіпорындардың кезекті экологиялық рейтингтерінің қорытындысы шығарылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда барлық саладағы кәсіпорындардың кезекті экологиялық рейтингтерінің қорытындысы шығарылды. Бұл туралы бүгін осы мәселеге арналған баспасөз мәслихатында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2008
  • 621
Фото - Caravan.kz

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын дамыта отырып біз Тұрақты өндіріс және тұтыну орталығымен бірлесіп тек мұнай саласының ғана емес, Қазақстандағы барлық сала кәсіпорындарының экологиялық рейтингтерін жасадық», — деді Нұрлан Ысқақов.

Табиғат қорғау мекемесі басшысының айтуынша, рейтингте Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік-экологиялық жауапкершілігіне баға беріледі.

«Кәсіпорындардың экологиялық рейтингтерге қатысуы — қаржылық емес есепті ашуды білдіреді, ол айналып келгенде мейлінше ашық компаниялардың инвестициялық тартымдылығы мен капиталын арттырады. Ақпаратпен бөліскен компаниялар Қазақстанның ақпаратқа қол жеткізу, жұртшылықтың шешім қабылдауға атсалысуы мен қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әділеттілікке қол жеткізуі жөніндегі Орхус конвенциясының шеңберіндегі халықарпалық міндеттемелерін орындауына септігін тигізеді», — деді министр.

«Қазақстанда экологиялық рейтинг жасау былтыр қолға алынды, оған қатысушылар санының артуы бұл жұмыстың қызғылықты және қөажетті екендігін білдіреді. Біз соның арқасында компаниялардың «экологиялық артықшылығын» обьективті салыстыра бағалауға мүмкіндік беретін құралға ие болдық», — деді Нұрлан Ысқақов.

«Тұрақты өндіріс және тұтыну орталығы» корпоративтік қорының ақпаратына сәйкес, «Қазақстанның кәсіпорындары мен компаниялары арасынан «А-Полиграфия» ЖШС (Ақтөбе) мен Атырау полиэтилен құбырлар зауыты экологиялық әсердің ең төмен үлестік деңгейіне ие болып шықты».

«Қалдықтарды азайту, су пайдалану, ласа ағызынды суларды азайту, қалдық түзу мен жерді пайдалану көлемін 2007 жылы ең қарқынды қысқарта түскен компаниялар «Keratek» ЖШС, ал 2000 жылдан бергі 8 жылда — «ХазарМұнай» ЖШС болды», -делінген орталық хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар