Құжатқа аталған мекемелердің басшылары Бердібек Сапарбаев , Жансейіт Түймебаев және ұлттық экономикалық палата төрағасы Азат Перуашевтер қол қойды.
Б. Сапарбаевтың айтуынша, министрліктер мен Қазақстанның «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасы дайындаған құжатта ұлттық мамандарды дамыту және отандық еңбек нарығын қорғау жөнінде тараптардың жүктеп алатын міндеттемелері көрсетілген.
«Бұл бастама салалық және өңірлік деңгейлерде түсіністік пен қызығушылық тудырады деп сенеміз», — деді Б. Сапарабаев.
«Әрбір өңірде білім беру жүйелері мен жұмыс беруші кәсіпорындар арасында кәсіби білікті мамандар дайындау жөнінде тығыз байланыс орнатып, өзара меморандумдар, әлеуметтік серіктестік келісімдерін жасау жолымен жүру қажет «, — деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті