Қазақстанда бәсекеге қабілетті жеңіл өнеркәсіп саласын құру қажет - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бәсекеге қабілетті жеңіл өнеркәсіп саласын құру қажет - үкімет басшысы

Қазақстанда бәсекеге қабілетті жеңіл өнеркәсіп саласын құру қажет - үкімет басшысы

Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінің небәрі 0,4-0,5 проценті ғана тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Бүгін, 12-мамырда Астанада халықаралық мақта және тоқыма конференциясын ашқан үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай мәлімет келтірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Мамыр 2005
  • 1750
Фото - Caravan.kz

Д.Ахметовтың айтуынша, бүгінде әлемнің көптеген елдерінің Жалпы Ішкі Өнімнің, экспорттық тауар айналымы мен жалпы халықты жұмыспен қамту көрсеткішінің ауқымды бөлігін иемденетін тоқыма өнеркәсібі — экономиканың маңызды саласына айналды. Мәселен, Германия мен АҚШ-та тоқыма өнеркәсібінің үлес салмағы Жалпы Ішкі Өнімнің 9 процентін, Түркия мен Қытайда 12 процентін, Үндістанда 14 процентін иемденеді.

«Біз Қазақстанда бәсекеге қабілетті жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бар күшімізді салуымыз қажет»,- деді үкімет басшысы.
«Мақта өнеркәсібіне мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі»,- деп сендірді ол. Оның айтуынша, «қазақстандық және шетелдік өнім өндірушілерге бірдей жағдай жасау» көзделіп отыр.
Үкімет басшысының мәліметіне жүгінсек, елімізде өсірілетін мақта шикізатының небәрі 10 проценті ғана ел ішінде өңделеді. Мақта тоқыма өнеркәсібін дамытудың бір алғышарты — қосалқы құны жоғары өнім өндірушілерге салық және басқа да преференциялар мен жеңілдіктер жасау қажет, деп санайды үкімет басшысы. Ол мақта кластері құрылып жатқан Оңтүстік Қазақстан облысында еркін экономикалық аймақ құру дұрыс деп пайымдайды.
«Қазақстандағы бизнес саласы сыртқы және ішкі рынокта бірдей қатаң бәсекелестікке дайын болуы тиіс»,- деді Д.Ахметов. Ол еліміздің Қытай, Ресей және Еуропа сынды мақтаға үлкен сұраныс білдіретін өңірде орналасқанын еске салып, «бүгінгі бас қосу республикада осы саланың дамуына тың мүмкіндіктер ашады» дегенге сенім білдірді.

Перейти к новостям спорта