«Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны 600 теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр. Бірақ, бағаның шарықтай өсуі жыл басынан бері байқалғандықтан, ағымдағы жылдың алғашқы алты айы үшін зейнеткерлерге 600 теңгеден зейнетақы өтемақысы беріледі», — деді Б. Сұлтанов.
Оның түсіндіруінше, базалық зейнетақыны өзгерту ең төменгің күнкөріс деңгейінің көрсеткішін 10 515 теңгеден 12 025 теңгеге дейін көтеруге байланысты. «Тиісінше, қазір 4 210 теңгені құрайтын базалық зейнетақыны 600 теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр, сонымен бірге, нақтыланған бюджеттің жобасында зейнеткерлерге бір реттік өтемақы бөлу көзделген»,- деді министр.
«Сонымен бірге, заңнамаға сәйкес ең төменгің күнкөріс деңгейінің көрсеткішіне еселі базалық әлеуметтік төлемдер де 14,4%-ға өседі», — деді Б. Сұлтанов. «Яғни, осындай жәрдемақы алатындар үшін (бірінші кезекте мүгедектер) өсім 755 — 2000 теңге аралығында болмақ», -деді ол.
Сонымен бірге, министрдің айтуынша, нақтыланған бюджет жобасында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысын 7500 теңгеге дейін көтеру ұсынылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті