Қазақстанда бетперде тағу тағы да талап етіле ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бетперде тағу тағы да талап етіле ме?

Қазақстанда бетперде тағу тағы да талап етіле ме?

 

  • 30 Маусым 2022
  • 49
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда маска тағу режимі мәселесі коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланбақ, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

«Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Біз оны ведомствоаралық комиссияның қарауына беріп, сол жерде талқылаймыз. Тек маска тағу ғана емес, ПТР-тестін де алып тастаған болатынбыз. Қабыланған шешімді міндетті түрде хабарлаймыз», — деді Ералы Тоғжанов.

Ол сондай-ақ, бүгінгі күннің басты мәселесі – екпе жұмыстарын күшейту екенін айтты.


Айта кетсек, бүгінгі таңда еліміз бойынша күн сайын шамамен 100-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталып жатыр. COVID-19 вирусын жұқтырғандардың басым көбі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркеліп отыр.