Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жайлы Қазақстандағы биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын талқылау барысында айтылды.
Сенатор Ақылбек Күрішбаев биолабораториялардың қызметін нақтылады. Ол ғылыми мекемелер ерекше қауіпті патогенді микроорганизмдерге қарсы препараттар жасап жатқанын түсіндірді. Өлім деңгейі жоғары вирустар жоқ деді.
Арнаның мәліметінше, бұл құпия және жабық нысандар емес. Зертханалардың жұмысы мүлдем ашық. Ал құрылысы америкалық демеушілердің қатысуынсыз тек мемлекеттің ақшасына жүргізілген. АҚШ мамандары зертханаға кеңес беру және тәжірибе алмасу үшін барғаны расталды.
“Бұл зертханалар Қазақстанға тиесілі және біздің өзекті экономикалық мәселелерімізді шешу үшін толығымен республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Олар шетелден грант алмайды, мұнда шетелдік ғалымдар жұмыс істемейді. Яғни, біздің зертханалар өз қызметінде шет мемлекеттерге есеп бермейді. BSL-3 ғылыми зертханаларының құрылысын Қазақстан үкіметінің толық бақылауымен қазақстандық мамандар жүргізді”, – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев.