Қазақстанда бір айда азық-түлік қанша пайызға қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бір айда азық-түлік қанша пайызға қымбаттады

Қазақстанда бір айда азық-түлік қанша пайызға қымбаттады

Еттердің ішінде жылқынікі бір айдың ішінде 1,7 пайызға өскен.

  • 2 Қазан 2018
  • 56
Фото - Caravan.kz

Energyprom.kz сайтының мәліметінше, Қазақстанда қыркүйек айының қорытындысы бойынша заттардың бағасы өскен. Тамызға қарай жұмыртқа 7,1 пайызға, тауық окорочкасы 4 пайызға, тауықтың өзі 1,6 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Today.kz.

Еттердің ішінде жылқынікі бір айдың ішінде 1,7 пайызға өскен. Құрғақ және пастерленген сүт, кілегей май, сүзбе мен ірімшік те бір пайызға қымбаттаған. 

Цитрусты жеміс-жидек бағасы да өскен: лимон (бір айда 7,1 пайызға), апельсин (4,3 пайызға) қымбаттаса, банан қыркүйекте 2,6 пайызға өскен. 

Қияр 3,1 пайызға арзандаса, қызанақ бағасы +0,7 пайызға өзгерген


Басқа жемістер арзандап жатыр: сәбіз 21,4 пайызға, қызылша 12,9 пайызға, пияз 11,2 пайызға, картофель 9,2 пайызға, сарымсақ 7,5 пайызға, орамжапырақ 6,8 пайызға арзандаған.

Қант бір айда 3,6 пайызға қымбаттады. Майонез (2,1 пайызға) бен сұйық май (1,9 пайызға) да қымбаттады. 

Ішімдік бағасы да өсіп жатыр: арақ 1,4 пайызға, алкогольсіз сусын 1,4 пайызға өсті

Ұнтақ ботқасы мен күріш те 1,4 пайызға өсті. Жасұнық 1,3 пайызға арзандады. 

Соңғы жаңалықтар