Қазақстанда бір аптада есірткіге қатысты 170 астам қылмыстың беті ашылды - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бір аптада есірткіге қатысты 170 астам қылмыстың беті ашылды - ІІМ

Қазақстанда бір аптада есірткіге қатысты 170 астам қылмыстың беті ашылды - ІІМ

Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бір аптада есірткіге қатысты 173, соның ішінде есірткі сатуға қатысты 47 деректің беті ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ ақпапат және бұқарамен байланыс орталығының хабарламасына сілтеме жасап.

  • 8 Қыркүйек 2008
  • 442
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 қыркүйекте Алматы қалалық ІІД есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері Алматы-1 станциясында Өзбекстан азаматын ұстады, оның қолында Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткені туралы көші-қон карточкасы, кедендік декларациясы мен Алматы — Новосибирск бағытындағы пойызға алған билеті болған. «Көршілес елдің азаматы мемлекеттік шекарадан Сарыағаш маңында жаяу өтіп, Алматыға дейін автобуспен жеткен. Оның заттарын тінту кезінде кептірілген жемістердің ішінен 1 килограмм 185,5 грамм героин салынып, жапсырылған полиэтилен дорба шыққан».

Сондай-ақ, 28 — 30 тамызда Қырғызстанның үш азаматы Қырғызстанға 5,5 килограмм героинді, 1 килограмнан астам марихуананы Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған жерінен ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар