Қазақстанда бір күнде 150 жұп ажырасады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бір күнде 150 жұп ажырасады

Қазақстанда бір күнде 150 жұп ажырасады

Қазақстанда бір күнде 150 жұп ажырасады. 

  • 12 Қараша 2019
  • 73
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

«Өнеге» жобасының мамандары отбасылық проблемаларға байланысты 27 суицидтің алдын алды. Сонымен бірге, өздерінің статистикалық мәліметтері бойынша, Қазақстанда күн сайын 150 жұп ажырасады. Яғни, бір сағатта алты жұп ажырасады делінген. 

Бұған дейін, Психоанализ Институтының директоры Анна Құдияровамен ажырасу тақырыбында сұхбат алып көрген едік. Психологтың айтуы бойынша, бірінші мәселе — отбасындағы тәрбиенің шалалығынан. Отбасындағы бала ата-анадан махаббатын ала алмауының салдарынан қыз балаға да, ер балаға махаббат жетпегендіктен ажырасу мәселесі туындайды дейді. Екінші мәселе — сот пен психологты біріктіргенде ажырасу мәселесі азаятындығы жөнінде айтты. 


Бұл тақырыпта оқырмандар ажырасудың басты мәселесі ақшаға келіп тіреледі десе, психолог Анна Құдиярова байлар да көптеп ажырасады. Мәселе ақшада емес. Яғни, әркімде әртүрлі жағдайдан туындайды дейді.