Caravan Logo

Қазақстанда бір тәулікте екі адам суға кеткен

Қазақстанда бір тәулікте екі адам суға кеткен



ТЖМ-нің сейсенбідегі ақпарына қарағанда, кеше Есіл өзеніне шомылуға барған 38 жастағы жігіт ағасы суға кеткен. Дәл сол күні осындай қайғылы оқиға Қызылорда облысында да болды. Онда 17 жастағы бала Сырдария өзеніне батып кеткен, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.