Қазақстанда бір жылдың ішінде қыркүйекке қарай орташа айлық жалақы 10,7% артқан - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бір жылдың ішінде қыркүйекке қарай орташа айлық жалақы 10,7% артқан

Қазақстанда бір жылдың ішінде қыркүйекке қарай орташа айлық жалақы 10,7% артқан

Қазақстанда 2014 жылдың тамыз айында бір қызметкердің орташа номиналды жалақысы 121,763 мың теңгені құрады, бұл 2013 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 10,7% артық.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 1072
Фото - Caravan.kz

Реалды тұрғыдан жалақы есептік мерзімде 3,3% өсті, делінген ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитетінің хабарламасында.

Салалық құрылым жағынан ең жоғарғы жалақы тау-кен өнеркәсібінде – 264,8 мың теңге (2,2 есеге жоғары), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 229,3 мың теңге (1,9 есе) және қаржылық пен сақтандыру қызметінде – 206 мың теңге (1,7 есе).

Ең төмен жалақы ауыл шаруашылық, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 64,9 мың теңге, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 46,7% төмен.

Аймақ жағынан алғанда ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында – 237 мың теңге (орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге артық). Солтүстік Қазақстан облысында оның көлемі 79,1 мың теңге, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35% төмен.