Агенттік төрағасының айтуынша, «қазіргі заманғы корпоративтік басқару проблемасы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатымен сабақтас. Ол экономикалық құбылыстардың жаҺандану деңгейінің артуымен және әлемдік қор рыноктарының дамуымен ілесе пайда болады».
«Инвестициялық ахуал жақсарғанымен, Қазақстандық компанияларға ашықтық пен корпоративтік мәдениет әлі де жетіспейді»,- деді Б.Жәмішев.
«2005-жылдың ақпан айында эмитенттер кеңесінің алғашқы отырысында халықаралық тәжірибеге негізделген корпоративтік басқару жөніндегі кодекс қабылданды»,- деді ол. «Соның негізінде Қазақстандық компаниялар жеке корпоративтік басқару кодексін жасай алады. Ол акционерлік қоғамдар мен құнды қағаздардың эмитенттеріне корпоративтік басқау жүйесінде біртұтас көзқарас ұстануға мүмкіндік береді»,- деді агенттік төрағасы.