Қазақстанда бизнесмендердің құқығын бұзған сегіз лауазым иесі қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бизнесмендердің құқығын бұзған сегіз лауазым иесі қызметінен босатылды

Қазақстанда бизнесмендердің құқығын бұзған сегіз лауазым иесі қызметінен босатылды

Биыл Қазақстанда бизнесмендердің құқығын бұзғаны үшін сегіз лауазымды тұлға қызметінен босатылды.

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 455
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Кеңес төрағасы Ғани Қасымов мәлім етті. 

«Прокуратураның органдарымен бірлесе мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты 19 қылмыстық іс қозғалып, 39 лауазым иелері тәртіптік немесе қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінде сегіз лауазымды тұлға қызметінен босатылды, оның ішінде атқарушы билік органдарынан», — деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жылда ҰКП-ға бизнесті қорғау бағыты бойынша төрт мыңнан астам өтінім келіп түскен. ҰКП сарапшылары осы өтінімдердің 40 пайызға жуығын шешуге жәрдемдесті. 9,7 млрд. теңгеден астам сомадағы кәсіпкерлік субъектілерінің мүліктік құқықтары қорғалды.

Соңғы жаңалықтар