Қазақстанда «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

Қазақстанда «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

«Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттік стипендияға үміткерлерден құжат қабылдау 1-ші маусымда басталды, деп ҚР білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Маусым 2011
  • 799
Фото - Caravan.kz

«Иә, бүгін құжат қабылдау басталды. Министрдің бұйрығына мамыр айында қол қойылып, ресми басылымдарда жарияланды», — деді баспасөз қызметкері агенттікке сәрсенбі күні.

Еске салсақ, ҚР БҒМ басшысы Бақытжан Жұмағұловтың бұйрығы ресми басылымдарда 17-ші мамырда жарияланған.

«Қазақстан Республикасы президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлердің конкурсқа қатысу үшін құжаттарын қабылдаудың және аталған конкурсты 2011-ші жылы өткізудің келесідей мерзімі бекітілсін: құжаттарды қабылдау – 2011-ші жылғы 1-ші маусымнан 15-ші шілдеге дейін, квотамен құжат қабылдау – 2011-ші жылғы1-ші маусымнан 29-шы шілдеге дейін», — делінген құжатта.

2011-ші жылғы 20-шы маусымнан бастап 2012-ші жылғы 31-ші қаңтарға дейін БҒМ үміткерлер арасында конкурс өткізеді.

2011-ші жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасымен бакалаврларды дайындау тоқтатылып, енді магистрлар мен PhD докторлары ғана дайындалады.

«Болашақ» мемлекеттік стипендиясын ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1993-ші жылы тағайындады. Бағдарлама бойынша шетелде жоғарғы білім алуды мемлекет республикалық бюджет есебінен қаржыландырады. Бағдарлама аясында мемлекеттік қызметкерлерге, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге квота қарастырылған. Бағдарламаның негізгі шарттарының бірі – студент оқуын бітірген соң елге оралып, 5 жыл отанында жұмыс істеуі тиіс.

«Болашақ» бағдарламасын тағайындағалы бері 5 мыңдай адам аталған стипендияның иесі болды.

Соңғы жаңалықтар