Қазақстанда бөлшек саудадағы азық-түлік бағасын реттейтін мемлеукеттік комиссия құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бөлшек саудадағы азық-түлік бағасын реттейтін мемлеукеттік комиссия құрылды

Қазақстанда бөлшек саудадағы азық-түлік бағасын реттейтін мемлеукеттік комиссия құрылды

ҚР Үкіметі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын реттейтін комиссия құрды, деп ресми басылымдарда хабарланады.

  • 21 Маусым 2011
  • 647
Фото - Caravan.kz

Бұл мәселеге арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек саудадағы шекті бағаларды бекіту және оларға бөлшек саудада рұқсат етілетін шекті бағамөлшеріне қатысты жекелеген мәселелер туралы» үкімет қаулысы сейсенбі күні басылымдарда жарияланды.

Осы құжатпен бөлшек саудадағы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасының шекті мәнін бекітудің ережесі де берілген.

Облыстардың, Алматы мен Астана жергілікті атқару органдарына бір ай ішінде ҚР экономикалық даму және сауда министрлігіне (ЭДСМ) әлеуметтік маңызды тауарлардың 2011-ші жылғы шекті мәніне қатысты ұсыныстарын тапсыру міндеттеледі.

Екі айдың ішінде ЭДСМ «әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 2011-ші жылға арналған шекті мәнін» үкімет бекітуіне енгізу тапсырылады.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнен бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар