Жарияланды: 320

Қазақстанда болу ережесін бұзған шетелдік азамат жауапқа тартылды

Шыңғырлау аудандық соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 394-бабы 3-бөліміне қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылған 27 жасар ресейлік азаматтың ісін қарады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал-Ақтөбе бағытындағы №641 жолаушылар пойызын шекаралық тексеру кезінде РФ азаматы төлқұжатымен қоса мерзімі өтіп кеткен көші-қон карточкасын ұсынған, сөйтіп Қазақстанда болу ережесінің бұзылуына жол берген. Сот талқысында құқық бұзушы өз айыбын толықтай мойындап, өкінетіндігін жеткізді. Аудандық сот оны үш тәулікке қамауға алу жөнінде қаулы қабылдады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін