Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы 1 қазан күні Алматы қаласының Түрксіб ауданында "Қарт адам айлығы" басталады. Бір ай ішінде осы мәселеге орай түрлі шаралар өтетін болады. Айлықты ұйымдастырушы - Түрксіб ауданының әкімдігі, соғыс ардагерлері мен зейнеткерлердің аудандық кеңесі.
Ауданның барлық еңбек коллективтері мен жұртшылғы қарт адамдарға құрмет көрсетіп, оларды ардақтайтын болады. Өйкені, олардың әрқайсысы - өз кезегінде аудан мен Алматы қаласының өсіп- өркендеуіне өзіндік үлестерін қосқан абзал жандар.
Барлық шараларға Түрксіб ауданының әкімі В.Устюгов, оның орынбасарлары, ауданның қызмет көрсету салалары мен мекемелерінің басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.