Қазақстанда Бұқаралық Ақпарат құралдары үшін жеңілдетілген салық тәртібін қолдану мерзімін ұзарту қажет - БАҚ-тар жөніндегі Қоғамдық кеңес - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Бұқаралық Ақпарат құралдары үшін жеңілдетілген салық тәртібін қолдану мерзімін ұзарту қажет - БАҚ-тар жөніндегі Қоғамдық кеңес

Қазақстанда Бұқаралық Ақпарат құралдары үшін жеңілдетілген салық тәртібін қолдану мерзімін ұзарту қажет - БАҚ-тар жөніндегі Қоғамдық кеңес

Қазақстанда басылымдар мен электрондық Бұқаралық Ақпарат құралдары үшін жеңілдетілген салық тәртібін қолдану мерзімін ұзарту қажет. Бұл туралы бүгін, 11-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР президентінің жанындағы БАҚ-тар жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері мәлімдеді.

  • 11 Қыркүйек 2003
  • 678
Фото - Caravan.kz

Жеңілдетілген салық тәртібінің бұған дейін белгіленген мерзімі 2003-жылдың 31-желтоқсанында аяқталатыны белгілі.

Қазақстан журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың айтуынша, «Жарнама көлемі жалпы мөлшердің 2/3 бөлігінен аспайтын барлық БАҚ-тар үшін нольдік ставкалы Қосымша құн салығын енгізу жөніндегі жеңілдетілген тәртіп 1995-жылдан бастап күшіне енген».
Ал «Экспресс К» газетінің бас директоры Александр Губерт өз сөзінде былай деді :
«Газет, журнал, мейлі тіпті телекомпания болсын, кез-келген жаңа өнімді шығару — аса көп мөлшердегі қаржы талап ететін жұмыс. Біздің өнімді шығаруға қажетті барлық шикізат, атап айтсақ, қағаз, бояу, пластинадан бастап барлық дүние шетелдерден , көбінесе Ресейден әкелінеді. Яғни, ақпарат деп аталатын біздің әлеуметтік өнім аса қымбатқа түсетін өнімдердің қатарында. Бұған салық, кедендік алымдар дейсіз бе, әртүрлі алым-салықтарды қоса беріңіз. Егер БАҚ-тарды салық жеңілдігінен айырса, онда олардың басым көпшілігі жабылуға мәжбүр болады».
С.Матаевтың айтуынша, «бұл әсіресе әзірге қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізе алмаған аймақтық баспасөздерге біршама ауыр тиетіні анық. 16 проценттік Қосымша құн салығы дегеніміз олар үшін көтере алмас ауыр жүк». ҚР президентінің жанындағы БАҚ-тар жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің есебі бойынша, «қосымша құн салығын толық көлемде төлеген жағдайда республикалық апталықтар жыл сайын мемлекетке 200 мың доллар, ал телеарналарға 1 миллионға жуық доллар салық төлеуге тура келмек».
БАҚ-тар үшін жеңілдетілген салық салу тәртібінің мерзімі аяқталғанға дейін 3,5 айдай уақыт қалды. «Біз осы мерзімде нольдік ставкалы Қосымша құн салығын қолдану мерзімін ұзартуға бар күшімізді саламыз»,- деді С.Матаев.
ҚР президентінің жанындағы БАҚ-тар жөніндегі Қоғамдық кеңес бүгін Елбасының атына БАҚ-тар үшін жеңілдетілген салық салу тәртібін 2010-жылға дейін сақтап қалуды сұрап өтініш жолдамақ ниетте.

Соңғы жаңалықтар