Тәжікстан бас прокурорының бірінші орынбасары Абдусами Дадабаевтың Душанбедегі KZ-today тілшісіне хабарлауынша, А.Пирмухаммадов Тәжікстан жағының өтінішімен Алматыда ұсталған. «Оны экстрадициялау туралы мәселе таяу уақыттарда шешіледі»,- деді ол.
Соңғы екі жыл бойы Алматыда тұрып, осында кәсіпкерлікпен айналысқан «боксшы Алиді» қазақстанның арнаулы қызметтері қолға түсірді.
Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы елшілігінен хабарлағанындай, тұтқын дипломатиялық өкілдікке хат жолдап, өзінің заңсыз ұсталуына байланысты нарызылық білдіріп, елшілік өкілдерімен жолықтыруды талап етуде. Елшілік мәліметіне сәйкес, бұл мәселе қазір келісілу үстінде.