Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Осылайша елде науқастардың саны 9304-ке жетті.
Айта кетейік, аурудан 4613 адам айықты.
Өсім — 3,7 пайыз.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы — 78 (4,6 пайыз)
- Алматы қаласы — 77 (3,4 пайыз)
- Қарағанды облысы — 43 (6,5 пайыз)
- Шымкент қаласы — 38 (5,6 пайыз)
- Атырау облысы — 21 (2,3 пайыз)
- Батыс Қазақстан облысы — 20 (4,4 пайыз)
- Жамбыл облысы — 15 (4,4 пайыз)
- Шығыс Қазақстан облысы — 7 (10,6 пайыз)
- Қызылорда облысы — 7 (2,4 пайыз)
- Алматы облысы — 5 (1,7 пайыз)
- Түркістан облысы — 5 (1,5 пайыз)
- Ақтөбе облысы — 4 (1,4 пайыз)
- Қостанай облысы — 4 (3,1 пайыз)
- Маңғыстау облысы — 4 (2,3 пайыз)
- Павлодар облысы — 4 (2,1 пайыз)
- Солтүстік Қазақстан облысы — 3 (6,5 пайыз)
Еске салайық, 26 мамырда Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болғаны хабарланған. Олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады. Ер адам 1951 жылы туған. Ал екінші жағдай Қостанай облысында тіркелген — әйел адам 1965 жылы дүниеге келген. Осылайша елде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 37-ге жетті.