Қазақстанда да түрлі-түсті төңкеріс болу мүмкіндігі бар - Назарбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда да түрлі-түсті төңкеріс болу мүмкіндігі бар - Назарбаева

Қазақстанда да түрлі-түсті төңкеріс болу мүмкіндігі бар - Назарбаева

Қазақстанда да түрлі-түсті төңкеріс болу мүмкіндігі бар. Бүгін, 7-маусымда "Асар" республикалық партиясының кезектен тыс құрылтайында партияның төрайымы Дариға Назарбаева осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Маусым 2005
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде көпшілікті мазалай бастаған Қырғызстандағы сияқты оқиға Қазақстанда да болуы мүмкін бе деген сауалға «иә, мүмкін» деп жауап беруге тура келмек»,- деді ол. «Әлемдік тәжірибеде демократияны экспорттау деген атауға ие экспансияның жаңа түрі пайда болды. Бұл — шын мәнінде стратегиялық мүдделі аумақтарда басыбайлы басқарылатын үкімет құрудың жаңа технологиясы деуге болады»,- деп атап көрсеткен Д.Назарбаева «оған мысал ретінде Сербиядан бастап Қырғызстанға дейін атауға болады», деді.

«Бүгінде сырттан күшпен демократияландыру қаупі төнбейтін ел дегенді табу қиын. Бұл көбінесе демократиялық мақсаттармен де, халықтың мұң-мұқтажымен де мүлдем қабыса бермейді»,- деді партия жетекшісі. «Өкінішке орай Қазақстан да сыртқы демократиялық қысымның нысанасына айнала алады»,- деді Д.Назарбаева.

Перейти к новостям спорта