Қазақстанда "Дала қыраны-2003" атты арнаулы тактикалық бірлескен оқу-жаттығулар басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда "Дала қыраны-2003" атты арнаулы тактикалық бірлескен оқу-жаттығулар басталды

Қазақстанда "Дала қыраны-2003" атты арнаулы тактикалық бірлескен оқу-жаттығулар басталды

Бүгін, 17-шілдеде Қапшағай гарнизонындағы десанттық-шабуыл бригадасының базасында "Дала қыраны-2003" атты арнаулы тактикалық бірлескен оқу-жаттығулардың ашылу салтанаты өтті ,- деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне.

  • 17 Шiлде 2003
  • 447
Фото - Caravan.kz

17-24-шілде аралығында өтетін оқу-жаттығуларға ҚР Қарулы Күштерінің Аэромобильді күштері бөлімшелері , АҚШ арнаулы күштері бөлімшелері мен Шотландиялық (Ұлыбритания) Гвардияның бөлімшелері қатысады. Осындай бірлескен жаттығулар өткізу туралы келісімге ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев пен оның шетелдік әріптестері 2003-жылдың басында қол қойған.

Жаттығулар «ҚР Қарулы Күштері Аэромобильді күштерінің заңсыз қарулы жендеттерді жоюға бағытталған арнаулы жауынгерлік операциясы» деген тақырыпқа арналады.
ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, жаттығу мақсаты — заңсыз қарулы жендеттерді жоюға бағытталған арнаулы жауынгерлік операцияларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу тұрғысында Аэромобильді күштерді басқару органының біртұтас пікір-көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, оқу-жаттығулар барысында коалициялық күштердің таулы және далалық ахуалдағы жауынгерлік алғырлығын арттыруға машықтандыру, әскерлерді жауынгерлік мақсатта пайдалану тұрғысында Аэромобильді күштерді басқару органдарының ықпалдастығын арттыру, аэромобильді күштерді жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.
Жаттығуға Әуе қорғаныс күштерінің фронттық және шабуылдық авиациясы мен Аэромобильді жасақтардың күш-құрылымдары қатысып, парашютпен түсіру және ұшақпен қондыру тәсілдерімен жауынгерлік құрамдардан десант түсіруге , әскери мүліктер мен қару-жарақтарды әуеден түсіруге бағытталған жаттығулар жүзеге асырылады.