«Алдағы демалыс күндері, дүйсенбіде Қазақстан аумағында бұрынғыша солтүстік-батыс тропосфералық ағындары арқылы Солтүстік Оралдан ылғалды ауа келіп жетеді. Сондықтан республика облыстарының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болып, бұршақ жаууы мүмкін. Температура климаттық нормадан сәл төмендеу болады», — делінген хабарлмада.
Дүйсенбіде циклон қарқынының ұлғаюынан солтүстік облыстарда нөсер жауын жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста суық ағынның күшеюімен әсіресе таулы жерлерде нөсер жауын болуы ықтимал.