Қазақстанда девальвацияға қатысты ешқандай мәселе жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда девальвацияға қатысты ешқандай мәселе жоқ

Қазақстанда девальвацияға қатысты ешқандай мәселе жоқ

Қазақстанда девальвацияға қатысты ешқандай мәселе жоқ.

  • 1 Маусым 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов осылай мәлім етті.

Құжат негізінен Қазақстан, Беларусь, Ресей қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Осы ретте депутаттар тарапынан Беларусь еліндегі девальвация мәселесіне назар аударылып, елдегі жағдайға бұның әсері сұралған болатын. «Біз бірнеше қайтара мәлімдегеніміз секілді, бүгінгі күні Қазақстанда девальвация мәселесі орын алмайды. Біріншіден, ағымдағы жылдың төрт айы бойынша бізде 4 млрд. доллардан астам оң төлем балансы қалыптасты. Бұл экспорттық әлеуеттің импорттық әлеуеттен басым екендігін айғақтайды. Яғни, осы бағытта еш проблема жоқ. Сондай-ақ, төрт айда шамамен 6,6 млрд. долларды біздің валюталық биржаға сатып алдық. Ал Ұлттық банк пен Ұлттық қордың алтын валюталық резерві 73 млрд. доллардан астамды құрайды. Сондықтан да, девальвацияға қатысты еш жоспар жоқ. Бұндай үдеріс болмайды деп сендіреміз», — деді Б. Тәжіяқов.

Соңғы жаңалықтар