Қазақстанда діни бағыттағы «Назар сал» сайты ашылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда діни бағыттағы «Назар сал» сайты ашылмақ

Қазақстанда діни бағыттағы «Назар сал» сайты ашылмақ

«Назар сал» деген атаумен интернет кеңістігіндегі экстремизмнен сақтандыратын сайт жасау қажет.

  • 15 Қараша 2012
  • 646
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан дін танушыларының ІІ Форумында ҚР Дін істері агенттігіне қарасты Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов айтты.

Жастарды интернет кеңістігіндегі экстремистік идеялардың ықпалынан сақтандырудың тиімді тәсілі ақпараттық түсіндіру жұмыс екіндігін баса айтқан ол: «Осы орайда ҚР Мұсылмандары діни басқармасы, ҚР Дін істері агенттігі, Білім және ғылым министрлігі, түрлі зерттеу орталықтары «Назар сал» деген атаумен интернет кеңістігіндегі экстремизмнен сақтандыру бағытында қызмет істейтін сайт даярлау қажет деп санаймын», — деді.

Орталық басшысының атап өтуінше, аталған сайтта экстремистік сайттарда кеңінен қолданылатын джихад, моджахед, шахид сөздерінің дұрыс мағынасы түсіндіріліп, эктремизмнің басты белгілері көрсетілгені дұрыс.

«Дін атын, соның ішінде ислам атын жамылатын экстремистік сайттарды ажырату мен анықтау, әрине тек мамандардың қолдарынан келеді. Сол себепті дінтану пәнінен жоғары оқу орындарының ұстаздарына дінтанушы сарапшылардың қатысумен экстремистік сайттарды анықтау әдістеріне арналған семинарлар ұйымдастыру нәтижелі болмақ», — деді А.Әбуов.