деп хабарлады ведомство жетекшісінің орынбасары Ғалым Шойкин.
«Қазіргі уақытта халықтың, әсіресе жастардың интернет арқылы дін мәселелеріне қызығушылық танытып отырғандығы үдеріске айналуда. Өкінішке орай, бүгінде интернет-кеңістікте халық арасында ксенофобия мен экстремизмді дамытуға ықпал етуші ақпараттық ресурстар аз емес. Осы орайда елбасының тапсырмасына орай біздің агенттік «Е-ислам» интернет-порталын құруды ұсынып отыр», деді ол Астанада сәрсенбіде интернет арқылы халықтың діни сауаттылығын арттыру мәселелеріне арналған стол басындағы әңгіме барысында.
Ғ.Шойкин атап өткендей, «Е-ислам» бірыңғай интернет-сайт болмақ, халық сол арқылы өзінің танымдық және рухани-діни қажеттілігін қанағаттандыра алатын болады.
Ғ.Шойкиннің айтуынша, бұл сайтты келесі жылы ашу көзделген.