Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Солтүстік Қазақстанда 39,1% және Шығыс Қазақстанда 37%-ке дейін қымбаттады. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматыда бағалар өткен жылдың деңгейінде қалды. Ұлытау облысында дизель отыны 2,8% — ке арзандады.
Energyprom.kz компанияның айтуынша, 2023 жылдың қаңтарында елімізде 494,1 мың тонна бензин өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,6%-ке артық. Қаңтар айында дизель отынын шығару 13% — ке, 421,8 мың тоннаға дейін өсті.
Ең көп бензин Шымкентте өндірілді: 196,7 мың тонна, екінші орынды Павлодар облысы иеленді: 155,1 мың тонна. Үшінші орында Атырау облысы: 141,7 мың тонна өндірілді. Дизель отынын өндіру бойынша Павлодар облысы көш бастап тұр: 149,1 мың тонна — өткен жылмен салыстырғанда 11,1% — ке артық. Тағы 148 мың тонна Шымкентте және 109,4 мың тонна Атырау облысында шығарылды.
Жалпы, 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында елімізде 5 млн тонна бензин және 5,4 млн тонна дизель отыны өндірілді. Өндірістің өсуі сәйкесінше 3,1% және 8,3% -ті құрады. Ішкі нарықта сату және экспорт Ішкі нарықта бензинді сату 5 млн тоннаны құрады — 2021 жылғы қаңтар–желтоқсан айларымен салыстырғанда 5,7%-ке артық.
Өткен жылы жергілікті компаниялар бензинмен жергілікті нарықты (ішкі нарықта сату және экспорт) толығымен қамтамасыз етті. Елге 43,3 мың тонна бензин әкелінді.
Сектордағы барлық заңнамалық шектеулерді ескере отырып, экспортқа ресурстардың небәрі 0,5%-і немесе 24,2 мың тонна бензин жіберілді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 76% — ке аз. Сонымен қатар жергілікті компаниялар нарықты 96,8%-ті қамтамасыз етті. Импорт тиісінше 3,2%-ке дейін қысқарды.