Қазақстанда дизельдік отын мен жанармай қоры азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда дизельдік отын мен жанармай қоры азайды

Қазақстанда дизельдік отын мен жанармай қоры азайды

2004-жылдың 1-қазанындағы жағдаймен Қазақстанда дизельдік отын мен автокөлік жанармайының қоры азайды (2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда). Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 14 Қазан 2004
  • 596
Фото - Caravan.kz

Республикадағы жанар-жағармай қоры түрлеріне қарай мынадай: дизельдік отын — 105,9 мың тонна (2003-жылғы қазан айындағымен салыстырғанда 6,4 процентке кем), автокөлік жанармайы — 133,3 мың тонна (14,1 процент кем), май түрлері — 10,6 мың тонна (8,8 процент артық) болды.

Ал жылыту маусымы басталар тұста өндіруші және көтерме сауда қоймалары мен тұтынушылар қолындағы отын қоры артты.
Көмір қоры 5,8 млн. тоннадан астам (2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 33 процентке артық), жағатын мазут қоры 256,5 мың тоннаны (7,2 процент артық) құрайды.

Перейти к новостям спорта