Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Таңертеңгі сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 401,5 теңгеге тең болды. 22 маусымдағы сауда-саттық нәтижесімен салыстырғанда доллар 1,21 теңгеге арзандады.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 402,5-405 теңгеге сатылып жатыр. Ал сатып алу бағамы 399-403 теңге аралығында.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 402,7-405 теңгеге саудаланып жатыр. Сатып алу бағамы — 399-401,8 теңге.